27.09.2023
2023 жылы 27 қыркүйек күні «Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Тойшибекова Р.Д. және Бейсенбина М.К. ұйымдастыруымен «Оралхан Бөкеевтің туғанына 80 – жыл» атты әдеби викторина өткізілді. Іс-шараға 1-курс студенттері қатысып, жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастырды, көркем сөз оқу шеберліктерін дамытты. Әдеби викторинада студенттер сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырды, жазушының шығармашылығы бойынша тапсырмаларды орындады. Іс-шара Оралхан Бөкеев туралы бейнебаян көрсетілуімен қорытындыланды.




